Сайрам тұрғынынан 5 кг есірткі табылды

13 қараша, 16:35

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының тұрғынынан 5 кг есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.

Сайрам АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғынның бірі хабарласып, есірткі сатумен айналысып жүрген белгісіз ер адам туралы хабарлаған. Аталмыш жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілген.

"Полицейлер тарапынан түрлі шаралар жүргізіліп, 10 күннің ішінде күдіктінің түр тұлғасы белгілі болды. Полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, есірткі сатып тұрған жерінен ұстайды. Сол сәтте оның қолындағы қап ішінде 3 дана пакетке салынған есірткі тектес заты табылды. Одан соң оның тұрғылықты мекен-жайын тексеру кезінде үйінің ауласындағы сарайына сақтап қойған 3 дана полиэтилен пакетке, пластикалық ыдысқа және 2 дана қағаз орамаға буылған есірткі тектес заты тәркіленді. Аталған заттар сараптамаға жіберіліп, оның қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 5 кг марихуана болып шықты" делінген ведомство мәліметінде.
Аса ірі көлемде марихуанамен ұсталған күдікті бүгінгі таңда қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже