Түркістан облысында өгей қыздарын аяусыз азаптаған анаға сот үкімі шықты

02 шілде, 10:00

Үш бірдей мектеп жасындағы қыздарға жылдар бойы қорлық көрсеткен жетісайлық өгей анаға қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Сот үкімімен 28 жастағы келіншек төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ал бұған дейін жүкті болуына байланысты ол үй қамақта отырды. Екінші сәбиін дүниеге әкелгеніне бірнеше күн өтіпті.

Сотталған келіншектің тұңғыш ұлы күйеуінің бірінші некесінен туған қыздарымен бірге әкелерінің қамқорлығында.

Түркістан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаевтың айтуынша, жаңа туған сәбидің тағдырын жергілікті білім бөліміндегілер шешеді.

Айта кетейік, осы жылдың сәуірінде өгей анадан қорлық көргендеріне шағымданған үш қыздың видеосы желіге тарап кеткен болатын. Қыздардың айтуларынша, жетісайлық келіншек олдарға дене жарақаттарын салған, тырнақтарының астына ине шаншып, тоңазытқышқа қамаған. Денелерін темірмен ұрып, бастарын қабырғаға соққан. Қоғамдық резонанс тудырған бұл жантүршігерлік жайттың жай-жапсары тексеріліп, сот соңғы нүктесін қойды.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже