Ұшақ бортында электронды темекі шеккен алматылық әйел рейстен түсірілді

11 қазан, 17:20

Ұшақ бортында электронды темекі шеккен Алматы қаласының 26 жастағы тұрғыны рейстен түсірілді. ​

«11 қазан күні Қарағанды қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесіне «FlyArystan» АҚ әуе компаниясының өкілінен «Алматы - Қарағанды» бағытындағы әуе кемесінің бортында құқық бұзушылық болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында көлік полицейлері әуе кемесі бортында электронды темекі шеккен 26 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Азаматша әуе кемесі командирінің актісі бойынша рейстен түсіріліп, аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әйел азаматына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды» делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпарат ретінде айтар болсақ, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 43 277 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде қоғамдық орында темекі тартқан 2 981 адам жазалаға тартылды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже