Шамалғандағы апат: Екі бүлдіршіннің бірі есін жиды

23 қыркүйек, 14:00

Дәрігерлер Шамалған стансасында пойыз бен автобустың соқтығысуынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты.​

«Кеше 5 жасар қыз бала есін жиды. Тыныс алатын аппараттан шығарылып, бүгін әрі қарай емдеу үшін мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Жағдайы ауыр, динамикасы тұрақты. Үш жастағы екінші баланың өкпесі жасанды жолмен тыныс алып жатыр»,- деді ақ халаттылар.

Еске салсақ, 15 қыркүйекте Алматы облысындағы Шамалған стансасында кешкі уақытта жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысты. Оқиға орнында автобус жүргізушісі көз жұмды. Үш адам (әйел азаматы мен оның екі қызы) Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті.

20 қыркүйек күні дәрігерлер қыздардың жағдайы әлі де ауыр екенін айтқан болатын. Ал олардың аналары сол кезде аурухананың жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылды.

Апатқа қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл жағдайды Бас көлік прокуратура өз бақылауына алды.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже