Шөкеев бастаған арнайы комиссия Арыстағы әскери бөлімге аттанды

24 маусым, 14:21

Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағындағы жарылысқа байланысты облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Elitar.kz.

«24 маусым сағат 09:20-да өрт сөндіру қызметіне №44856 әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына облыстық ТЖД жеке құрамының 52 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ Шымкенттегі кинологиялық қызметтің 23 адамы аттандырылды. Қазіргі таңда оқиға орнында өрт сөндіру шаралары мен эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда», - делінген Арыс қаласы әкімдігінің ресми мәліметінде.


Айта кетейік, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс орын алды. Шымкент қалалық ТЖД қауырт желі құрды. ҚР Қорғаныс министрлігі осы уақыттағы жағдай бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқтығын мәлім етті.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже