Өмірзақ Шөкеев өз туыстарын қызметке алады дегендерге жауап берді

18 маусым, 15:45

​Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев қай салада қызмет етсін, кәсіби маман көрсе, өз командасына қосып жүреді. Бұл туралы өңір әкімі бүгін Түркістан қаласының құрылғанына 1 жыл толуына орай журналистер қауымымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Бір жылда өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасаған аймақ басшысы өз сөзінен соң тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Кадр таңдағанда қандай критерийлерге мән бересіз?» деген сауалға Шөкеев мырза былай деп жауап қатты:

«Біреулер жақындарын, жерлестерін тартады деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес. Оны тексеру оп-оңай. Мен жұмыс істеген бүкіл жерлерде өзім тағайындайтын, мен жұмысқа тартқан адамдарды алып, анализ жасасаңыздар, бәрі шығады. Негізі мен қай жерде істейін, Қостанай, Астана немесе Шымкентте болсын, кәсіби команда теріп жүремін.

Әкімдерде команда болу керек. Бірақ, кәсіби. Әр жерден, әр саладан...»,-деді Өмірзақ Шөкеев.

Айта кетейік, біз бұған дейін Түркістан облысы әкімінің журналистермен кездесіп, брифинг бергені туралы жазған болатынбыз.

Дәл осы кездесуде Өмірзақ Шөкеев ұзақ жылдар бойы бір салаға басшылық етіп отыратын шенеуніктерге қатысты пікір де білдірді.

ФОТО: ТО баспасөз қызметі

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже