Шілде айында Алматы облысында жол апатынан 43 адам көз жұмды

25 шілде, 10:29

Бұл туралы ақпаратпен Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Алматы облысында полицейлер «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол жүру ережелерін өрескел бұзғандарды анықтады.

«Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды бақылау тұрақты түрде жалғасуда. Жол ережесін бұзғандардың басым бөлігі көліктің жылдамдығын асырған. 6 айда осындай 11520 факті анықталды. Жылдамдықтың артуы, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу көбінесе жол көлік оқиғасының басты себебі болып отыр»,- деп мәлімдеді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Шілде айында өңірдің автожолдарында 95 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 43 адам қаза тауып, 140 адам жарақат алған.



Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже