Ішімдік ішкен: Ақмолада 46 жастағы ер кісі досын өлімші етіп сабап, өлтіріп қойды

18 қыркүйек, 15:00

Бұл оқиға ағымдағы жылдың тамыз айының соңында Макинск қаласында орын алған.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Макинск қаласының 44 жастағы тұрғыны түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Ер кісі өз сөзінде бір топ жас жігіт жабылып ұрғанын айтқан. Өз кезегінде полицейлер күдіктілерді іздеу шараларын қолға алады. Арада бірер күн өткеннен кейін ер адам алған дене жарақатынан көз жұмды. Полицейлер жарақатпен ауруханаға түскен ер адамның түсініктемесінде жастардан зардап шектім дегені жалған екенін анықтады.

"Екі апта бойы жүргізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті марқұмның 46 жастағы танысы екені анықталды. Екеуі 30 тамыз күні қосылып ішімдік ішкен. Сосын екеуара кикілжің туып, соңы төбелеске ұласқан. Төбелестен 44 жастағы ер адам дене жарақатын алды. Кейін күдікті қылмысын жасыруға тырысса, дене жарақтынан көз жұмған ер адам «досын» жауапкершіліктен алып қалмақ болған. Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Көрнекі фото: riafan.ru

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже