«Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

06 тамыз, 20:42

«Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы болып Әбілсейіт Рабаев тағайындалды.

Әбілсейіт Рабаев 31.08.1981 дүниеге келген.

2003 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ Жол қозғалысының инженері мамандығы бойынша бітірген.
2008 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінің Экономика бакалавры атанды.
2002 – 2003 жылдар аралығында «Компания Ерке» ЖШС операторы болып жұмыс жасады.
2003 – 2005 жылдар аралығында ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.
2005 – 2008 жылдар аралығында ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы қызметінде жұмыс жасады.
2008 – 2009 жылдары ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2009 – 2015 жылдар аралығында ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болды.
2016 – 2017 жылдары- «Тұран Құрылыс» ЖШС -ның бас директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
2017 жыл - ОҚО әкім аппараты хатшылығының бас маманы және «Шымкент» ӘКҚ ҰҚ» АҚ төрағасының міндетін атқарушысы.
2017 – 2018 жылдары Шымкент қаласы құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарып,
2018 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың шілдесіне дейін Шымкент қаласы құрылыс бөлімі басшысы болды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже