Шымкент әкімі халықты бос іспен айналыспауға шақырды

01 тамыз, 19:30

Бұл туралы Шымкент басшысы Ерлан Айтаханов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Жаңа қызметіме табыс тілеп, ақ тілегін жеткізіп жатқан ағайындарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Сонымен бірге, менің атымнан жалған аккаунттар ашып, фейк ақпараттар таратушылар да шығып жатыр. Жалғандық жарға жығатынын ұмытпайық, бауырлар. Бос іспен айналысқанша шырайлы Шымкент шаһарын одан әрі көркейте түсу үшін бірлесе жұмыс жасайық. Осы парақша менің ресми аккаунтым.

Сіздерге деген үлкен құрметпен, Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов" делінген үшінші мегаполис басшысының жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде қала әкімінің атынан ашылған жалған парақшалардың пайда болғаны туралы ақпарат таратып, халықты фэйк аккаунттарда жарияланған мәліметтерге алданып қалмауға шақырды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже