Шымкент әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

04 қыркүйек, 14:41

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Шымкент қаласы әкімінің Өкімімен Бұхарбай Парманов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жаңа тағайындауға дейін Бұхарбай Парманов Шымкент қаласындағы Абай ауданы әкімі лауазымын атқарды.

Бұхарбай Рысқұлұлы 1962 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолын 1980 жылы Ленин ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы болып бастаған. Мемлекеттік қызметті 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті қызметінен бастаған.

1987-2018 жылдар аралығында Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, аға салық ревизоры-инспекторы, бас салық ревизоры-инспекторы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, салық және қаржы полициясы органында және Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, Сарыағаш, Төлеби аудандарының әкімі лауазымын атқарған.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже