Шымкентке түрлі елдерден ерекше автокөліктер әкелінді

13 мамыр, 14:22

Өткен демалыс күндері Шымкентте "АМТ-2019" Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі жарыс түрінде бастау алды. Бірінші кезеңге қатысушылар түрлі елдер мен қалалардан келді. Чемпионатқа өз көлігін әкелген әрбір әуесқоймен спортшы өз темір тұлпарына уақыт, махаббат пен қаражатты аянбай жұмсағаны байқалады.

"Дыбыс қысымы", "Дыбыс сапасы", "Тюнинг", "Тюнинг 4х4" секілді бірнеше номинациялар бойынша арнайы төрешілер алқасы "үздік" атағын қандай автокөлікке беретінін таңдауы керек. Бұл автокөліктерің арасында ескі модельдердің бары таңқалдырады. Қызыл Москвич Әзімбек Нармухамедовтікі, ол басқа автокөліктерден айтарлықтай ерекшеленді. Әзімбек мұражай экспонаты деп атауға болатын машинаға екінші өмір сыйлады десек артық айтпағанымыз болар.

"Неге москвич? Өйткені мен алғаш көлік айдауды москвичпен үйрендім. Маған бұл автомобиль ұнайды", - дейді Әзімбек.

"Mitsubishi GTO twin turbo" автомобилі 93 жылы шығарылған. Иесі оның тюнингі жоғары бағалаланады деп үміттенеді.

"Біздің тюнингті бағалайтынына үміттенемін. Машина өте ескі, бірақ біз оған көп күш жұмсадық", - дейді Ян.

Шымкентте өтетін чемпионаттың ұйымдастырушысы Александр Емелькин, жыл сайын қатысуға ниет білдірушілер саны артып келе жатқанын атап өтті, АМТ-ға қатысушылардың дайындығы айтарлықтай жоғары екені - бұл іс-шараның деңгейін білдіреді.

Жарыстан ешкім марапатсыз қайтқан жоқ. "АМТ Қазақстан 2019" ҚР чемпионатының әр қатысушысы республикалық біріншілікте бақ сынағандарына дән риза болды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже