Шымкенттік полицейлер санаулы сағат ішінде жоғалған автокөлікті тапты

03 шілде, 19:48

Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде Шымкент қаласының аумағында белгісіз тұлға қаладағы үйлердің бірінің ауласында тұрған «Мерседес-Бенц» автокөлігін айдап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жоғалған автокөлікті тауып, иесіне қайтарды.

Қазіргі уақытта автокөлікті айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабымен «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» сотқа дейінгі тергеп-терсеру жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Тергеу барысында оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екендігі тексеріледі.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже