Шымкентте 3D форматындағы алғашқы жаяу жүргінші жолы пайда болды

18 маусым, 09:00

Жаяу жүргінші жолы Айбергенов көшесінде пайда болды, бұл жерде бұрын жәй ғана белгі болатын, деп хабарлайды "Shymkent" ӘКК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Бұл ерекше жүргіншілер жолын салуға бастамашы болған "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Басқарма Төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, үш өлшемді таңба идеясын ол шетелден алған.

"Шымкент - жол қозғалысы өте қарқынды дамыған қала. Бұл учаске жүргізушілер назарын өзіне аудартатын ерекше қосымша белгі болады деп үміттенемін. Мұндай тәжірибелер батыста қайғылы оқиғалар санын бірнеше рет қысқартуға мүмкіндік берді", - деді Р. Аюпов.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже