Шымкентте қараусыз қалған гараждың бірінен 3 жасар қыздың өлі денесі табылды

22 шілде, 03:00

Бүлдіршіннің денесі МЖК деп аталып кеткен шағынаудандағы қараусыз қалған нысандардың бірінен табылған деп хабарлайды Elitar.kz.

Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршіннің ата-анасы мәйіт табылған жерге жақын маңда орналасқан жатақханалардың бірінде тұрған.

Тамыз айында 4 жасқа толғалы отырған бүлдіршіннің неден көз жұмғаны нақты белгісіз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Шымкент қалалық Полиция департаменті сұмдық жайтқа қатысты толық мәліметті кейінірек беруге уәде етті.

Фото: Otyrar.tv

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже