Шымкентте автобус тізгіндеп, ұялы телефонмен сөйлескен 296 жүргізушіге айыппұл салынды

18 қазан, 19:10

​Шымкентте көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 296 автобус жүргізушісіне айыппұл салынды.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 1438 тәртіп бұзушылықты анықтады. Олар:

• ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы 2 және 3-бөлігі «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша – 67;

• ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі «Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару» бойынша – 39;

• ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі «Рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушіні басқаруға рұқсат беру» бойынша – 22;

• ҚР ӘҚБтК – нің 590-бабы 9-бөлігі «Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» бойынша – 54;

• ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша – 296;

• ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «Маневр жасау қағидаларын бұзу» бойынша – 86;

• ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі «Қарсы жүріп өту қағидаларын бұзу» бойынша – 3;

• ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Көлік құралын алкогольдік күйде басқару» бойынша – 1;

• ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқару» бойынша – 5;

• ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы 1-бөлігі «Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану» – 49 және өзге де құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Көрнекі фото: www.penzainform.ru

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже