Шымкентте автобус жүргізушілері үш күнде 259 ереже бұзған

28 қыркүйек, 11:05

​24-26 қыркүйек аралығында ​Шымкентте өткен "Автобус" жедел алдын ал іс-шарасы​ кезінде қаладағы автобус тізгіндеген жүргізушілердің 259 жол жүру ережесін бұзғаны анықталып отыр. Оның 39-ы көлік басқарып отырып ұялы телефонмен сөйлескен.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үш күнге созылған шараның мақсаты бірінші кезекте автобус жүргізушілері арасында жолда жүру тәртібін арттыру, автобустардың техникалық жағдайын тексеру, маршрутта жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізу және құжаттарды тексеру болып табылады.

"Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы үш күн ішінде Шымкент қаласының Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың жүргізушілері тарапынан 259 жол жүру ережесін бұзғанын анықтады. Оның ішінде:

- ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын жол парағын ұсынбауы) -14;

- ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) – 1;

- ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) – 3;

- ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 39;

- ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу) – 1;

- ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі (сақтандыру полиссіз басқару) – 1;

- Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу(айыптұраққа қою) – 1;

- Автопарктердің қызметкерлеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 617-бабы бойынша екі әкімшілік хаттамалар толтырылды" делінген ведомство мәліметінде.

Полиция департаментіндегілер мұндай шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді деп отыр.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже