Шымкентте "Қазпошта" бөлімшесіне шабуыл жасалды

04 қазан, 10:59

Оқиға кеше күндізгі уақытта Алдияров көшесі бойындағы пошталардың бірінде орын алды. Ресми емес деректерге сүйенсек, қарақшылық шабуыл жасағандар жалғыз болмаған және олардың қолында қару болған. Әзірге пошта қызметкерлерінің жағдайы туралы дерек жоқ. Тіпті келтірілген шығын көлемін де ондағылар әлі ресми мәлімдемеді.

Шымкент қалалық полиция департаментінің дерегінше, бұл шабуыл жайты бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабымен "Қарақшылық" сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қазіргі уақытта қаскүнемдердің жеке басын анықтау және оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже