Шымкентте белсенді Руслан Жанпейісов қамауға алынды

26 қыркүйек, 19:35

Шымкент қалалық полиция департаментіндегілер белсендінің уақытша қамауға алынғанын растады. Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр.

"Ағымдағы жылдың 18 маусымында Шымкент қаласының тұрғыны полиция органдарына дене жарақаты келтірілгені туралы арызданған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" және 107-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сондай-ақ, полиция қызметкерін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша ҚР ҚК 378-бабының 2-бөлімі "Билік өкілін қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда құқық бұзушы Шымкент қаласының УҰА-на қамауға алынды" делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Руслан Жанпейісов жұртшылық арасында жол жүру ережелері бұзушылармен күресуші белсенді. Ол сонымен қатар заңға қайшы әрекет етуші полицейлердің теріс әрекеттерін желі арқылы көпшілікке жариялап жүрген азамат.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже