Шымкентте бойжеткенді зорлап кеткен таксиші әлі табылмай жатыр

04 қыркүйек, 22:00

Шымкентте бойжеткенді соққыға жығып, кейін зорлап кеткен таксиші әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Еске салсақ, "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында Шымкентте кафелердің бірінде құрбыларымен бірге туған күнін кафеде атап өткен бойжеткеннің үйіне қайтар жолда зорланғаны туралы жазған болатын. Белсендінің жазуынша, бойжеткен жолай таксиге отырып, кейін таксиші оны соққыға жыққан, артынша зорлаған. Дина Таңсәрі бұл оқиға 27 тамыз күні орын алса да белгісіз себептермен таксиші әлі күнге дейін табылмағанына дабыл қаққан.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл іс Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.

"Қазіргі таңда күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған" делінген ведомство хабарламасында.



27 августа 2019 г. девушка с подругами отмечала день рождения в кафе, после вечеринки ее посадили в такси, которое, как и несколько других, дежурило возле кафе. Таксист оказался настоящим маньяком, жестоко избил, душил девушку, изнасиловал. Дело вяло двигается прошло уже столько дней, не могут найти таксиста, столько камер, все происходило на центральных улицах города. Свидетелей не допросили, следователей поменяли уже несколько раз. Будет отдельный пост. Дело ведет волонтер-юрист фонда #НеМолчи Данияр Жиенбаев
На фото потерпевшая из-за таксиста

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже