Шымкентте медбикені зорлады деген күдікпен дәрігер ұсталды

04 қыркүйек, 21:30

Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Шымкентте дәрігердің жұмыс орнында медбикені зорлағаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігімен және 121-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында күдікті ұсталған.

Қылмыстық іс айыптау актісімен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасына жолданған" делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында Шымкенттегі Түркістан облыстық ауруханасында дәрігерден зорлық көрген медбике туралы жазған болатын.

ФОТО: көрнекі

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже