"Құнды сағат, алтын, ақша": Шымкентте пәтер тонаған күдікті ұсталды

21 тамыз, 17:00

11.08.2019 жылы қала үйлеріндегі пәтерлердің бірінен алтын бұйымдар, құнды сағат және ақша ұрланған. Осылайша үй иесіне жалпы шамамен 900 мың теңгеге шығын келтірілді, деп хабарлайды Elitar.kz Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Аталған жайт бойынша пәтер иесі Шымкент қаласының Полиция департаментіне арызданған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлерімен айғақты заттар алынып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабымен «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже