Шымкентте сыныптасын зорлаған екі жасөспірім сотталды

19 тамыз, 15:15

Шымкентте сыныптас қызын зорлаған екі жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 17 жастағы екі жасөспірім зорлау және бопсалау баптары бойынша кінәлі деп танылды. Олар кәмелет жасына толмағандықтан жаза жеңілдетіліп, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Үкім заңды күшіне әлі енбеді.

Айта кетейік, екі жасөспірім сыныптас қызын зорлап қана қоймай, жыныстық қатынас болған сәтті видеоға түсіріп, кейін бойжеткеннен ақша талап еткен. Егер жәбірленуші қыз айтылған соманы алып келмесе, видеоны интернетке саламыз деп қорқытқан. Осы жағдайдан соң қыз өз-өзіне қол салмақшы болады.

Фото: Infoline

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже