Шымкентте тағы бір адамнан коронавирус анықталды

25 наурыз, 16:43

​Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау​ комитетінің дерегі бойынша, Шымкентте тағы бір адам коронавирус жұқтыру дерегімен тіркелді.

25 наурыз сағат 16:40-тағы жағдай бойынша Қазақстанда тағы бір адам коронавирусқа шалдықты. Ол Шымкент қаласында тіркелді. Қазіргі таңда Қазақстанда қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны 80 адамға жетті. Олар:

Нұр-Сұлтан – 41 жағдай,

Алматы қаласы – 31 жағдай,

Қарағанды - 2 жағдай,

Алматы облысы - жағдай,

Ақтөбе облысы - 1 жағдай,

Шымкент - 2 жағдай,

Жамбылы облысы - 1 жағдай,

Солтүстік Қазақстан облысы - 1 жағдай.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже