Шымкентте зообаққа келген жас жігіт жирафтың мойнына мініп алды

28 шілде, 20:00

Бұл оқиға 27 шілде күні Шымкенттегі зообақта орын алған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Зообақ әкімшілігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазылған ақпаратқа сәйкес, жас жігіт және оның қасындағы бойжеткен масаң күйде болуы мүмкін.

«Еске сала кетейік, зообаққа келушілердің бірі 3 метрлік қоршаудан өтіп, өміріне қауіп келу мүмкіндігіне қарамастан керіктің (жираф) мойнына отырып алған. Мүмкін ол және оның қасындағы қыз баласы мас күйінде болған шығар. Дегенмен жас жігіт хайуанаттар паркінің аумағындағы тәртіп ережелерін бұзды. Ереже туралы парктегі ридаожелі арқылы әрбір 15 минут сайын келушілерге ескерту жасалынып отырады. Одан бөлек зообақ аумағында "Хайуанаттар паркіне келушілерге арналған ережелер" және қауіпті жануарлар көрсетілген тақтайшалар орнатылған. Парк әкімшілігі мұндай оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін осы азаматты жауапкершілікке тарту мақсатында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына арызданды", - деп жазылған ресми парақшада.

Шымкент қалалық Полиция департаменті тарапынан бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімет әзірге берілмеді.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже