Шымкенттегі жарылыс: зардап шеккен 20 жастағы жігіт қайтыс болды

12 маусым, 11:30

Алапат өрттен денесінің 98 пайызы күйік шалған жігітті дәрігерлер аман алып қала алмады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Қалалық гипербариялық оксигинация орталығының бас дәрігері М.Ермаханбетованың айтуынша, зардап шеккен азамат кеше сағат 18.10 шамасында қайтыс болды.

"Науқастың бетін, мойын тұсын, қолдарының жоғарғы және төменгі жақтарын ІІІ, ІV дәрежелі термиялық күйік шалған. Науқасты аман алып қалудың барлық амалдары қарастырылды. Жасанды тыныс алу аппаратында жатқан оның жағдайы ауыр болды",-деді орталықтың бас дәрігері.

Естеріңізге салсақ, 7 маусым күні Шымкенттегі Жібек жолы көшесі бойында жанар-жағармай құю бекеттерінің біріндегі цистерналардан өрт шығып, жарылыс болған еді. Алапат өрт кезінде бекеттің 20 жастағы қызметкері зардап шекті. Ол денесінің 98 пайызы күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже