Шымкенттік Дидар Әбдіхалық "Жас қанат" байқауының жеңімпазы атанды

03 маусым, 18:00

"Жас қанат-2019" XXVIII республикалық жас орындаушылар байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Elitar.kz конкурстың баспасөз орталығына сілтеме жасай отырып.

Жас орындаушылар байқауының финалы елордалық Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

5 финалист жеңіс үшін өзара бақ сынасты:

- Жанболат Ұзақбай, 24 жас (Нұр-Сұлтан);

- Олжас Оспан, 25 жас (Семей);

- Ақерке Көбжасарова, 15 жас (Нұр-Сұлтан);

- Дидар Әбдіхалық, 18 жас (Шымкент);

- Әділ Балтабаев, 22 жыл (Көкшетау).

Биыл салтанатты марапаттау рәсімі жаңа ерекше форматта өтті.

"Жас қанат-2019" XXVIII жас орындаушылар байқауының жеңімпаздары атанғандар:

- Көкшетаудан келген Әділ Балтабаев – үшінші орын, "қола қанат" иегері;

- Нұр-Сұлтандық Жанболат Ұзақбай екінші орын, "күміс қанат" алды;

– Байқау жеңімпазы, бірінші орынның және "Жас қанаттың" алтын қанатының иегері - Шымкенттен келген Дидар Абдухалық.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже