Шымкенттік компаниялардың бірінде 11 шетел азаматы заңсыз жұмыс істеп келген

23 қыркүйек, 16:00

Бұл туралы қалалық Полиция департаментіндегілер хабарлады.

"Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері қаладағы «Шымкент-Крепеж» ЖШС-де шетелдік азаматтар заңсыз жұмыс істейтінін анықтады.

Жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетел азаматын ұстады. Оның ішінде, 8 ҚХР азаматтары, 3 Өзбекстан Республикасының азаматтары" делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша 6 шетел азаматтары ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 5 шетел азаматтарының әкімшілік істері Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қарауына жолданған.




Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже