Шымкенттік педофилге 15 жыл түрме мен химиялық кастрация жазасы тағайындалды

29 шілде, 15:30

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты бүгін, 29 шілде күні екі жас қызға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға оқталғаны үшін айыпталған 1978 жылы туылған А. Еркінбекке қатысты үкім шығарды.

Сот барысында анықталғандай, осы жылдың мамыр айында, Еркінбек мас күйінде Шымкент қаласы Гагарин көшесінде мектепке бара жатқан 9 жасар қызға шабуыл жасаған.

Еркінбек оны тасаға апарып, киімін шешіп, өзі де де шешіне бастаған. Алайда, қыз одан қашып, өтіп бара жатқан адамнан көмек сұраған. Өтіп бара жатқандар зорлықшыны іздеу барысында, оның тағы екінші 9 жасар қызды бұта арасына сүйреп жатқан жерінен ұстаған.

Бұған дейін Еркінбек осындай қылмысы үшін сотталған. 2003 жылы ол ит көрсетемін деген сылтауымен екі жас балаға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 10 жыл алды. 2008 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.

Қазіргі таңда Еркінбекке психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша педофил деп танылған. Сот оған 15 жыл қатаң режимдегі бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң үкім шығарды.

Сондай-ақ сот шешімі бойынша оған химиялық кастрация тағайындалды, ол үкім күшіне енгеннен кейін жүргізіледі.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже