Шымкенттік тұрғын ірі көлемді марихуанамен Жамбылда ұсталды

09 қазан, 15:30

Жамбылда​ Шымкент тұрғынының көлігінен ірі көлемді есірткі түрі табылды. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

"Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Алматы-Ташкент" тас жолында "Лада-21713" жүргізушісін тоқтатып тексерген. Тексеру барысында Шымкент қаласының 43 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 23 келіден астам "кептірілген марихуана" есірткі заты тәркіленді",-делінген департамент мәліметінде.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол тергеу изоляторына қамалды. Оған ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже