Си Цзиньпин Пхеньянға келіп, Ким Чен Ынмен кездесу өткізді

20 маусым, 14:30

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын және оның жұбайы Ли Соль Чжу ҚХР басшысы Си Цзиньпинді әйелі Пэн Лиюаньмен Пхеньян әуежайында күтіп алды.

Көшбасшылар бір-бірін жылы қарсы алды және қол алысты.

"Балалар Си Цзиньпин мен Пэн Лиюаньға гүл сыйлады", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды, содан кейін Си Цзиньпин корей әскерлерінің құрметті қарауылын тамашалады.

"Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, Қытай мен Солтүстік Корея көшбасшылары Си Цзиньпин мен Ким Чен Ынның кездескенін хабарлады. Бірақ кездесу туралы егжей-тегжейлі мәліметтер мен талқыланған мәселелер жарияланған жоқ.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже