Өскеменде жас жігіт мейрамханадан 92 мың теңгеге түскі ас ішіп, ақшасын төлемей қашып кеткен

05 қараша, 14:18

​Өскемендегі мейрамханалардың бірінде 92 мың теңгеге түскі ас ішкен жігіт ақшасын төлемей кетіп қалған, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Өскемен қалалық полиция департаментінің Ертіс полиция бөліміне 28 жастағы мейрамхана әкімшісі шағымданған. Ол полицейлерге 12 қазан күні түскі ас ішіп, ақшасын төлемей кеткен қонаққа қатысты шара қолдануын сұраған.

"Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция 26 жастағы жігітті ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта жігіттің үстінен ҚР ҚК-нің 195-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған" - делінген ведомство баспасөз хабарламасында.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже