Қазақстан тұрғындары салықтың нақты сомасын SMS арқылы ала бастады

20 қыркүйек, 14:26

​​19 қыркүйектен бастап қазақстандықтардың мемлекет алдындағы қарызы туралы SMS арқылы хабарлама жіберу басталды. Азаматтардың телефондарына салықтың нақты сомасы (көлікке, жерге, мүлікке) көрсетілген қысқа мәтіндік хабарламалар келіп түсетін болады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.​

Ведомстводан хабарлағандай, хабарлама алу үшін телефон нөмірді электрондық үкімет порталы арқылы мобильдік азаматтар базасында egov.kz немесе mgov мобильдік қосымшасы арқылы тіркеу қажет. Базаға тіркелген туралы ақпаратты egov.kz порталының "қызметтер" бөлімі арқылы тексеруге болады.

Әзірге сервис пилоттық режимде іске қосылды.

"SMS хабарламаны барлық салық төлеушілер алады. 100 пайыздық қамту болады. Қазіргі уақытта барлығы пилоттық режимде жұмыс істейді. Бірақ біз ұялы операторлармен ақау болған жағдайда осы процесті түзететін боламыз", - деп мәлімдеді КТК телеарнасына мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Сала мамандары Эстонияның тәжірибесі бойынша қағаз хабарламалардан бас тартуды шешкен. Ондағылар салық төлеудің электрондық форматына жуырда ғана көшті. Министрліктегілер жаңа енгізілім қағазды үнемдейді, ақпараттың кепілді жеткізілуін қамтамасыз етеді және салықтардың жиналу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деген сенімде.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже