Сән салонының қызметкерін өлтірді деген күдікпен алматылық ерлі-зайыптылар құрықталды

17 маусым, 11:29

Үш апта бұрын жоғалып кеткен 40 жасар Батура Мамедованың мәйіті табылды. Ақпаратты облыстық ПД растады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Облыстық полиция күдіктілер Алматыда тұратын ерлі-зайыптылар болып табылатындығын атап өтті. Олар жалға алынған автомашинамен жеке тасымалдау қызметімен айналысқан. Өлтіргеннен кейін олар әйелді көміп тастаған.

"Екі адам, ер адам мен әйел адам анықталды. Күдіктілер жәбірленушінің мәйітін жерлеу орнын көрсетті. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды", - деп нақтылады полициядағылар.

Адам өлтіру фактісі бойынша сараптама тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеумен Іле аудандық полициясының тергеушілері айналысады. Әйелдің артында екі баласы қалды. Батура Мамедова 27 мамыр күні кешкісін жоғалып кетті. Әйел жұмыстан кейін үйіне қайтпақ болған. Қалада ол сұлулық салонында косметолог болып жұмыс істеген.

Туған-туысқандарының мәлімдеуінше, соңғы рет ол үйге баратынын хабарлаған кезде байланысқа шыққан. Қаза болған азаматша қаладан облысқа бірнеше ауысумен — автобуста және таксимен қатынаған. Туыстары әйел тонау құрбаны болды деген пікірде. Жоғалған күні оның қолында қомақты ақша мен қымбат әшекейлер болған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже