СҚО-да шенеуніктерге қызметтік автокөлік сатып алуға тыйым салынды

28 мамыр, 13:30

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қарамағындағыларға шенеуніктерге жаңа қызметтік көліктерді сатып алуын тоқтатуды, ал осы мақсатқа арналған ақшаны "неғұрлым қажетті бағыттарға" бағыттауды тапсырды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып Elitar.kz..

27 мамыр күні облыс әкімдігінде өткен отырыс барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов қызметтік көлік сатып алу мәселесін көтерді. Ол қарамағындағыларға осындай шығындардан бас тартуды тапсырды.

"Біз қала әкімдігі көлікті сатып алып жатқанын анықтадық. Мұның бәрін тоқтата тұру керек. Бізде қажетті бағыттар бар. Ең алдымен: ауылдарға су тарту, жолдарды жөндеу, медициналық қызмет көрсету, білім беру және т.б. Барлық босаған қаражат осы мақсаттарға бағытталсын. Аудандар бойынша бірдей. Ақшаны қажетті заттарға жіберу керек. Бұл (авто сатып алу. – "Elitar.kz") күте тұрады",-деді Ақсақалов.

Осыдан бір апта бұрын БАҚ пен Петропавл жұртшылығы қала әкімдігінің екі жаңа қызметтік автокөлік сатып алғысы келетінін және машиналарға 23 млн теңге жұмсауға дайын екенін білгеннен соң шу шыққан еді. Тиісті хабарландыру мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті қалалық билік жоспарлаған сатып алулардан ешқандай заң бұзушылық көрген жоқ....

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже