СҚО-дағы Тұлымбай көлінде балық қырылып жатыр

22 тамыз, 12:00

Бұл хабармен ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресрурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

«Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-ге 2019 жылғы 20 тамыз күні таңертең жергілікті маңызы бар резервтік су айдыны - Тұлымбай көлінде балықтардың қырылуы туралы ақпарат түсті. Сол күні инспекция, Табиғат ресурстар басқармасы және Солтүстік Қазақстан облыстық экология департаментінің қызметкерлерінен құралған комиссия оқиға болған жерге барды. Су айдынының жағалауы тексерілді. Өлген балықтар 185 келіні құрады, олар әртүрлі мөңке балықтары», - деді ол.

Мамандары санитарлық-химиялық анализдер мен зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен өлген балықтардың сынамасын алған. Жергілікті әкімдік өлген балықтарды жинап, көзін жойды.

«Балықтардың қырылу себептері туралы ақпарат лабораториялық зерттеулердің қорытындысы алынғаннан кейін хабарланады», - деді Самал Ибраева



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже