Қазақстандық стилист Мәскеудегі сұлулық салонында қайтыс болды

25 шілде, 16:29

Мәскеудегі сұлулық салондарының бірінен қазақстандық азаматтың денесі табылды. Белгілі болғаны, ер кісі стилист болып жұмыс істеген.

СІМ баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, қазақстандық азаматтың өлім себебінің алдын ала болжамы белгілі болды.

Ер азамат Мәскеудегі Хамовники шағынауданындағы сұлулық салонында көз жұмған.

"Қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өлім жүрек талмасынан келуі мүмкін",-деді СІМ.

Марқұм болған азамат аталған салонда жұмыс істеген. Мәйітті сұлулық салонының әжетханасына кірген күзетшілер байқаған.



Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже