Суық атмосфералық фронт оңтүстік бағытқа жылжуын жалғастырады

21 тамыз, 17:30

Қазгидромет 2019 жылдың 22-24 тамызы аралығында ауа райы туралы хабарлады.

Республиканың солтүстігінде жаңбыр мен ауа температурасының төмендеуін тудырған суық атмосфералық фронт оңтүстік бағытта ығысуын жалғастырады. Алдағы екі тәулікте бұл фронтпен солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Оңтүстіктің жекелеген аудандарында найзағаймен өткінші жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр, көбінесе таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады және барлық болжанған кезеңде бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыс пен оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының климаттық нормадан 3...5°С жоғары болуы күтіледі.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже