Сөзге шешен шенеунік Сқақов Президенттің кеңесшісі болды

18 маусым, 14:00

Мақсат Сқақов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды Бұған дейін ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақов Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақовты өзімнің штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым. Ол қоғаммен байланыс жөніндегі жұмыстармен айналысады",-деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында.

Әр жылдары Мақсат Сқақов Мәдениет министрлігінің жастар саясаты департаменті бастығының орынбасары, Білім және ғылым министрлігінің бас маманы, директордың орынбасары, жеке сауда-кәсіпкерлік палатасының вице-президенті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері болды.

2007 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2012 жылдан 2014 жылға дейін - Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы.

2014-2015 ж. ж. - Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің төрағасы.

- Бас прокурордың аса маңызды тапсырмалары бойынша аға көмекшісі.

2017 жылдан-Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

Болашақ бағдарламасының түлегі.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже