"Тальгода" бойжеткенді зорлаған жолсеріктерге қатысты шыққан сот үкімінің заңдылығы тексерілуде

29 шілде, 10:48

Қоғам белсендісі Дина Смаилованың айтуынша, бойжеткен тамақ жеуден бас тартқан, деп хабарлайды stan.kz-ке сілтеме жасай отырып ELITAR.KZ.

Қоғам белсендісінің айтуынша, жәбірленуші бірнеше күннен бері тамақтанбаған. Жағдайы ауыр күйде.

"Үкім шыққан соң бойжеткен ауруханада екі күн жатты. Содан кейін қашып кетті. Жата алмады. Туыстарының келгенін күтіп отырмын. Содан кейін мен де кетемін", - дейді Смаилова.

Жолсеріктерге қатысты шыққан сот үкімінің заңдылығы тексеріліп жатыр дейді бас көлік прокуроры.

"Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Нұрлы жол - Ақтөбе хабарламасы бар № 98 пойыз вагонында жолаушының зорланғаны туралы қылмыстық іс бойынша сотта прокурор айыпты толықтай қолдап, кінәлілерді 6 жыл 6 айға соттауды сұрағанын хабарлады. Сот басқа шешім қабылдады, қазіргі уақытта сот үкімінің заңдылығы тексерілуде", - деді бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов Facebook парақшасында.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже