Теңге мұнайдың арқасында өсті ме?

21 маусым, 15:17

Мұнай бағасының көтерілуі теңге бағамын арттырды. Таңертеңгілік сессияда АҚШ валютасының орташа бағамы 376,53 теңгені құрады.

Айта кетерлік жайт, мұнай бағасы мамыр айының соңынан геосаяси тәуекелдердің өсуі мен АҚШ долларының әлсіреуі кезінде ең жоғарғы белгіге дейін көтерілді.

"Соңғы уақытта нарық Таяу Шығыстағы оқиғаларды бағаламады, бірақ АҚШ пен Иран, сондай - ақ Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қақтығыстың ушығуы енді бірінші кезекке шығады", - деп есептейді ING Group NV банкіндегі шикізат нарығының стратегигі Уоррен Паттерсон.

Brent маркасы 11.00 нст барреліне 64,25 доллар деңгейінде саудаланады.

KASE ақпараты бойынша, АҚШ доллары сауда — саттығында таңертеңгілік сессияда ең төменгі бағам бір доллар үшін 376,10 теңге, ең жоғарғы бағам-378,50 теңге, жабылу бағамы бір доллар үшін 376,30 теңгені құрады. Доллар бойынша сауда көлемі 158 млн 60 мың долларды құрады. Валютамен операциялар бойынша мәмілелер саны-358.

Деректер бойынша астананың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы 11: 15 — ке 381 теңгені, Алматы-380 теңгені құрайды.

Ұлттық Банктің 21 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 380,56 теңгені құрайды. Келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Дерек көзі: kapital.kz

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже