"Тұлпар-Тальго" пойызында бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке сот үкімі шықты

26 шілде, 12:00

Қостанайда қалалық №2 сотында пойызда бойжеткен жолаушыны зорлады деп күдікке ілінген екі жолсерікке үкім шығып, күллі елді дүрліктірген іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Бұл оқиға өткен жылдың қыркүйегінде орын алған. Бойжеткен елордада өткен ғылыми конференцияға қатысып, "Тұлпар-Тальго" пойызымен үйіне қайтып бара жатқан. Қостанай облысының Таран ауданы аумағында екі жолсерік өз арам пиғылдарын асырған.

Судья Сатыбалды Оразбай бұрынғы жолсеріктерге шығарылған үкімді оқыды.

«Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязовқа қатысты істі қарап, олар 120-баптың 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылсын және олардың әрбіріне 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілсін. Олар жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейді. Сотталушылар сот залында қамауға алынсын», - деді судья.

Сонымен қатар сотталушылардың әрбірі 15 АЕК мөлшерінде айыппұл және процестік шығындар үшін мемлекетке әрбірі 717 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Еске сала кетейік, бұл оқиға туралы «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилованың Facebook парақшасында жазған болатын. Бойжеткен 26 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында «Тальго» пойызына отырады. Купе ішінде бір ер адам болған. Бойжеткен купеге жайғасып, пойыз мейрамханасының асханасынан тамақтанып келген кезінде арнайы форма кимеген жолсерік болған. Ол ер кісі жолаушыны басқа купеге ауыстырып жібергенін айтқан. Ұйқысы келген бойжеткен ұйқысы келгенін түсіндіріп, жолсеріктен купеден шығуын өтінеді. Сыра ішіп отырған жолсерік тек жарты сағаттан соң шығып кеткен. Таңғы сағат 04:00 шамасында ол бойжеткен жатқан купеге өз кілті арқылы ашып кіріп, зорлайды. Артынша екінші жолсерік келіп, арам ойын іске асырады.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже