Тоқаев Қарағанды облысында жұмыс сапарымен жүр

23 тамыз, 13:00

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады. Қарағандыда Президенттің төрағалығымен еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді.

Бағдарламаға сәйкес түстен кейін сапар Жезқазғанда жалғасады. Онда Қ.Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. 24 тамызда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады және ІІ «Жезкиік» халықаралық музыка фестиваліне барады",-делінген хабарламада.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже