Тоқаев Арыстағы төтенше жағдайға байланысты жолға шықты

24 маусым, 19:32

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына жолға шықты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Мемлекет басшысымен бірге Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады.

Айта кетейік, бүгін түске дейін Мемлекет басшысы Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын.

Естеріңізге салайық, бүгін таңғы уақытта Арыстағы әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс орын алды. Зардап шеккендер бар. Қала тұрғындары эвакуациялануда.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже