Тоқаев: "Қауіптенуге еш негіз жоқ "

07 тамыз, 17:20

Президент Киберқалқан бағдарламасы аясында қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізген ҰҚК-не алғыс білдірді, деп хабарлайды Elitar.kz

«ҰҚК менің тапсырмам бойынша Киберқалқан бағдарламасы аясында қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізді. ҚР ақпарат кеңістігі қорғалып тұрғаны және сырттан шабуыл жасалған жағдайда сертификатты қолдана алатынымыз дәлелденді. Интернет қолданушыларына ыңғайсыздық жойылды. ҰҚК-ге алғыс айтамын» деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қауіптенуге еш негіз жоқ екенін атап өтті.

«Киберқалқан бағдарламасы бойынша қауіпсіздік сертификатын тестілеудің жедел аяқталуы сырттан қауіп төнгенде техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Мұндай жағдайлар бұрын болған. Ең бастысы - ҚР интернет қолданушыларына қолайсыздық болмайды. Қауіптенуге еш негіз жоқ», - деді ол.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже