Тоқаев: Балаларға қатысты қылмыс жасағандардың жазасын күшейту қажет

02 қыркүйек, 11:33

Бұл туралы Президент Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Біз заңнаманы гуманизациялаумен айналысып кеттік, салдарын азаматтардың құқығын елемейміз. Жедел түрде сексуалды зорлық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасымен айналысатындарға, ауыр қылмыс жасағандарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыс жасағандардың жазасын күшейту қажет", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Тоқаевтың алғаш рет Қазақстан халқына Жолдау жариялайтыны 10 тамыз күні хабарланған болатын.

"2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деп жазған болатын Президент Twitter желісінде.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже