Тоқаев отандық аяқ киім сатып алды

01 тамыз, 13:35

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жария етті.

«Айқын» қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды.Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімін сатып алдым. Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиіс",-деп жазды Президент.

Айта кетейік, бұған дейін республикалық "Айқын" газетінде «Елімізде етікші тапшы» деген тақырыппен сұхбат жарияланған болатын. Онда Shoes Republic аяқкиім фабрикасының басшысы Дәурен Раманқұл өзінің кәсіпкерлік қызметі, оған келу жолы және кәсіпкерлікті дамыту бойынша елде қалыптасқан жағдайға қатысты ой-пікірлерімен бөліскен еді.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже