Тоқаев Қытайға сапары кезінде қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өтініш айтты

13 қыркүйек, 16:30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай еліне сапарына барысында жеке өтініш білдірген. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда Орталық коммуникациялар қызметіндегі өткен брифинг кезінде ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов мәлімдеді.

«Біз жол жүргелі отырғанда Қасым-Жомарт Кемелұлының атына 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында Қытай құқық қорғау органдары ұстаған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың анасынан өтініш түскен болатын. Оның мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Мемлекет басшысы Бейжіңдегі кездесулерде қытай тарапына жеке өзінің өтінішін жеткізді. Бұл мәселе жан-жақты талқыланды... Мемлекет басшысы өз тарапынан бұл мәселеге үлкен көңіл бөліп отыр. Сондықтан сапар нәтижесі бойынша берілетін тапсырмалар тізіміне отандасымыздың тағдырына қатысты мәселе арнайы тармақ ретінде кіретін болады енгізіледі»,-деді Мұрат Нұртілеуов.

ФОТО: Sputnik Kazakhstan



Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже