Тоқаевтың фотосуретін казино жарнамасына пайдаланған

29 тамыз, 11:26

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы бұл мәселе бойынша БАҚ-тың сұранысына жауап берді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Берік Уәли Мемлекет басшысының бұл жарнамаға ешқандай қатысы жоқ екенін, ал оның суреті заңсыз пайдаланылғанын ресми түрде мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілердегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесі бар онлайн-казиноның жарнамасына байланысты маған бұқаралық ақпарат құралдарынан шағымдар келіп түсуде.

Мемлекет басшысының бұл жарнамаға ешқандай қатысы жоқ екенін, ал оның суреті заңсыз пайдаланылғанын ресми түрде мәлімдеймін.

Бұл – өтірік әрі жөнсіз жарнама. Біздің пікірімізше, мұндай жарияланымдар әлеуметтік желі қолданушыларын жаңылыстырады және абырой-беделіне айтарлықтай нұқсан келтіреді. Құқық қорғау органдары жарнама берушіні тауып, олардың жауапкершілігіне қатысты мәселені шешеді деп ойлаймын.

Барлық әлеуметтік желіні коммерциялық жарияланымдарды орналастыру ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға және біреудің фотосының немесе басқа да суреттердің заңсыз пайдаланылуына жол бермеуге шақырамын",-деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук желісіндегі парақшасында.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже