Тоқаевты ұлықтау рәсімі басталды

12 маусым, 10:50

Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті атануына орай салтанатты шара басталды. Ұлықтау рәсімінде оркестр ойнады. Шара соңында салют ату жоспарлануда.

Ұлықтау салтанатына Парламент депутаттары, Конституциялық кеңес мүшелері, Жоғарғы сот өкілдері мен танымал өнер және мәдениет қызметкерлері бар.

Айта кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысына сәйкес, 9 маусымдағы кезектен тыс президенттік сайлауда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96 процент дауысын алып, жеңіске жеткен болатын.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже